АТЫРАУДА БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН, БҚО-ДА БІР КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
АТЫРАУДА БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН, БҚО-ДА БІР КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
4 жыл бұрын 1516 halaldamu.kz

Атырауда бірқатар өндірушілерге “ҚМДБ Халал” сертификаттары табысталды. Атап айтқанда, ЖК “Адиетова” (Happy Cake), ЖШС “The Best Food” (Gippo), ЖШС “Bomazza” (Bomazza) “ҚМДБ Халал” сертификациясынан сәтті өтті.

“Иманғали” мешітінде Облыс имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен “Халал Даму” мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы аталмыш мекемелер басшыларына тиісті сертификатарын табыс етті.

Жеке кәсіпкер “Адиетова” Happy Cake маркасымен торт және кондитерлік өнімдерін өндіреді. ЖШС “The Best Food” Gippo брендімен фаст фуд өнімдерін өндіреді. ЖШС “Bomazza” Bomazza брендімен фаст фуд өнімдерін өндіреді. “Халал Даму” мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш мекемелер 2:2016 “Тамақтандыру қызметтері” және 3:2016 “Халал” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі 2022 жылғы мамыр айына дейін.

БҚО: "HALAL URALSK" ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Орал қаласындағы "Сыдигалиев" жеке кәсіпкерлігіне тиесілі "HALAL URALSK"  ет дүкені "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорын "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сәйкес сертификатталды. Сертификатты Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Құралбайұлы табыстады.

"Ислам – мұсылмандарға өмірдің барлық саласын түгел қамтып, басшылыққа алатын шариғат шеңберін айқын көрсетіп берген дін. Шариғат заңнамасының негізгі қайнар көзі – Құран Кәрім мен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сүннетінде нақты не жанама түрде ескерілмей, қалыс қалған мәселе жоқ. Солардың бірі мұсылман жұртшылығының ас-ауқат, тағамына қатысты. Алла Тағала жер бетіндегі барлық нәрсені адам игілігі үшін жаратқан. Аспан мен жердің арасындағы ұшқан құс, жүгірген аң, сан түрлі жеміс-жидек, көкөніс – барлығы да қазынасы кең Ұлы Жаратушы тарапынан пенделеріне берілген. Ағыл-тегіл, көл-көсір нығметтерді құлдарына берген Раббымыз солардың адалын пайдаланып, ал арамынан аулақ болуды Құранда қатаң ескерткен: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!».  Адал ас (халал өнім) – ұлттық, елдік мәселе.  Халал өнім – ел болашағын ойлаған әрбір азаматты алаңдатуға тиіс. Кезінде бұл мәселеге мойын бұруға мүмкіндік болмады. Ал, қазір тәуелсіздігімізді, елдігімізді күнделікті тұтынып жүрген халал аспен байланыстыру деңгейіне көтеріп келеміз. Аллаға шүкір, бұл – тәуелсіздігіміздің арқасында келген өлшеусіз сый. Сондықтан, бүгін "QMDB halal" сертификатына ие болып отырған, "HALAL URALSK"  ет дүкені иесі мен қызметкерлеріне өңірдегі халал азықты дамытуға қосып жатқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Алла кәсіптеріңізге береке берсін!", – деді Бақытжан Құралбайұлы.

"HALAL URALSK"  ет дүкені толықтай тексерістен өткендігін және куәландырушы "QMDB halal" сертификатының 20.05.2020-19.05.2021 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!

0 пікір
Мұрағат