«АҚТӨБЕ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚУ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
«АҚТӨБЕ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚУ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
4 жыл бұрын 2548 muftyat.kz Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Айтулы шараға Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, Алға ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов және өзге қалалардан келген қонақтар мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Оқу ғимаратының ашылу салтанатында алғаш болып сөз алған Алға ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов «Ақтөбе» медресе колледжінің Алға ауданындағы діни тұрақтылыққа қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтіп, медресе басшылығына алғысын білдірді.

Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Уәжитұлы құттықтауында жамағатқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізіп, зәулім ғимараттың ашылуына демеушілік жасаған барша кәсіпкерлерге алғыс білдірді. Сонымен қатар медресе басшылығына Бас мүфти байғазысын табыстады.

Айта кетейік, жаңадан ашылған оқу корпусының жалпы аумағы – 2268 шаршы метр. Ғимарат 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатында ұстаздар және директор кабинеті мен оқу сыныптары орналасқан. Екінші қабаты толықтай сыныптарға арналған. Ал үшінші қабатында компютерлік сыныптармен бірге 250 адамға арналған мәжіліс залы, арнайы кітапхана, есепші кабинеттері бар.

Ғимаратта химия, физика, матеметика, биология, АӘД сыныптары және Қазақстан тарихы, қазақ, орыс тілі сынды әлеуметтік және гуманитарлық пәндерге арналған сыныптар мен арнайы медпункт кабинеттері де қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат