Алматыда жаңа мешіт ашылды (ФОТО)
Алматыда жаңа мешіт ашылды (ФОТО)
10 жыл бұрын 5015 muftyat.kz

Бүгін алматылықтар көптен күткен «Бәйкен Әшімов» атындағы мешіт есігін айқара ашты. Айтулы іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қытысып, жиналған жамағатты сәулеті мен сәні жарасқан құлшылық үйінің ашылуымен құттықтады.

Мешіттің ашылу салтанатында сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Имандылық үйін өз қаржысымен салып, ел игілігіне берген азаматтарға алғысымды білдіремін. Мешіт салып, ізгі істерге атсалысу сауапты іс. «Бәйкен Әшімов» атындағы мешіт халықты имандылыққа ұйытып, ізгілік жолын ту етер жұртшылықтан арылмасын», - деп батасын берді.

Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз жұма уағызын айтып, имамдық етті. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жамағатқа мешіттің бас имамы қызметіне діни салада тәжірибесі мол, кезінде Алматыда 10 жылдан астам қызмет еткен Құлмұхаммед Маханбет мырзаны тағайындағанын мәлімдеді.

2 қабаттан тұратын мешіттің сиымдылығы 3000 адам. 3 қабаттық көлік тұрағы бар. Мешіттің ішкі, сыртқы көрінісі ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген. Мешітке барлық инженерлік коммуникациялар тартылған. Мешіттің алаңына орнатылған түнгі жарық шамдар да ғимараттың көркін аша түспек. 

Бүгін Алматы қаласында ашылған 39-шы мешіт имандылық жолында жұмысын бастап кетті. «Бәйкен Әшімов» атындағы мешіт жүрегі ізгілікке толы жандардың аманатымен, бастамасымен салынған. 

muftyat.kz

0 пікір
Мұрағат