«ӘЙЕЛДЕР-ҚЫЗДАР» СЕКТОРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІН ӨТКІЗДІ (ФОТО)
|
ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ауласында әйел жамағаты мен қайырымды жандардың көмегімен «Жан жылуы» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Астана қаласының қайырымды жандары мен мешіт жамағаты өздері әзірлеген түрлі дәмді тағам түрлерін арзан бағамен жұмаға келген жамағатқа сатты.
Акциядан түскен қаржы қаладағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған мұқтаж жандарға қайырымдылық мақсатта жұмсалатын болады дейді ұйымдастырушылар. Әрине мұндай акциялар қазіргі экономикалық дағдарыс уақытында азда болса мұқтаж жандардың жыртығына жамау болары сөзсіз. Көптеген игі шараларға мұрындық болып жүрген сектор меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы бұл қайырымдылық акциясы келешекте де еліміздің барлық аймағында түрлі деңгейде өз жалғасын табады дейді. Сондықтан да еліміздің барлық мұсылман қауымын келешекте осындай игілікті шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырды.