«Адал плэнт» ЖШС-ның халал сертификаты жаңартылды
«Адал плэнт» ЖШС-ның халал сертификаты жаңартылды
8 жыл бұрын 3071 muftyat.kz ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі

«Адал плэнт» ЖШС - Қазақстанда алғашқы қатты сабын өндіруші кәсіпорын. Өнімдері қайта тексерістен өткізіліп, сертификат мерзімі жаңартылды. Сертификатты ҚМДБ «Ғаламтормен жұмыс» бөлімінің басшысы Мұрат Абдыхалық табыстады. Аталмыш компанияның іргесі 2013 жылы қаланды. 2014 жылы - «SULU» тауар белгісі тіркелді. «SULU» қатты сабынының балаларға арналған, косметикалық және әр түрлі қолданысқа арналған түрлері бар. «SULU» сабыны тек жоғары сапалы шикізаттан жасалады.

  • Сабынның грануласы «Премиум» класс пальма майынан жасалады. (Малайзия, Индонезиядан алынады)
  • Парфюмерлік шығарылымның(отдушка) құрамында спирт болмайды, тек эксклюзивті композициялар қосылады. (Германиядан алынады).
  • Сабынның орамалары сабынның ұзақ мерзімге пайдалы қасиетін сақтауға кепілдік береді. (Түркия, Қазақстаннан алынады).

Шикізаттың жоғары сапалы болуы, өндірістік стандарттарға сәйкестігі өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. «SULU» сабынының табиғи құрамы, халал және Органикалық стандартын ұстану арқылы тұтынушылардың денсаулығына қамқорлық жасайды.

Барлық өнімдер ЖШС «Адал плэнт» пайдалану үшін сертификатталған және қатаң бақылаудан өтеді.

Компания жайында толық ақпаратты http://sulu.org.kz/  сайтынан көре аласыздар.

0 пікір
Мұрағат