|
Енді Қытайға баратын шетелдіктер саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі
|
Бұл туралы Ecns.cn порталы хабарлаған. Дереккөз мәліметіне сүйенсек, мұндай шешімді елдің Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі қабылдаған және оны мемлекеттік кеңес мақұлдаған, деп жазды lenta.ru.
Дактилоскопиядан Қытайға барлық елден келетін 14 және 70 жас аралығындағы азаматтар, дипломатиялық паспортпен келгендер, ресми делегация мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер өтуі тиіс. Ал мұндай ережені шегеру Қытай мен қандайда бір елдің арасында болған ерекше келісім аясында ғана жүзеге асуы мүмкін.
Саусақ іздерін тапсыру 10 ақпаннан Шэньчжэнь (Гуандун провинциясы) қаласындағы әуежайдан басталады. Содан кейін бұл ереже Қытай шекарасындағы басқа да пунктерге біртіндеп енгізіле бастайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Даулы сот ісі: суррогат ана болу Конституцияға қайшы (видео)
■
Израил бірегей қаруға ие болды (видео)