2023 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын 18 туроператор белгілі болды
2023 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын 18 туроператор белгілі болды
2 жыл бұрын 1801 informburo.kz Нұрболат Аманжол

Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстанға 4 мың қажылық орнын бөлген.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 2023 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын 18 туроператордың тізімін жариялады. Құжат тапсырған 20 туроператордың екеуі (Safar Like Travel және Zam-Zam Company) байқаудан өте алмаған. 

Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстанға 4 мың қажылық орнын бөлген.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 2023 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын 18 туроператордың тізімін жариялады. Құжат тапсырған 20 туроператордың екеуі (Safar Like Travel және Zam-Zam Company) байқаудан өте алмаған. 

Қазақстандықтарды 2023 жылы қажылыққа апаратын туроператорлар: 

  • "Хикмет Тревел" ЖШС – 350 орын;
  • "Атлас Туризм" ЖШС – 340 орын;
  • Tawaf Travel ЖШС – 330 орын;
  • Mina travel ЖШС – 260 орын;
  • Sanabl kz ЖШС – 250 орын;
  • "Қызмет Саяхат" ЖШС – 225 орын;
  • Qazaq Travel ЖШС – 225 орын;
  • "Хидаят-Нур" ЖШС – 225 орын;
  • Nurkhan travel ЖШС – 225 орын;
  • "Ордабасы-НЖ" ЖШС – 225 орын;
  • "Сембекова" ТС – 225 орын;
  • "Ал-Маруа" ЖШС – 180 орын;
  • Delta Tour ЖШС – 180 орын;
  • Robinzon KZ ЖШС – 180 орын;
  • "Нұр-Қазақстан" ЖШС – 180 орын;
  • "Иман Travel Тур" ЖШС – 140 орын;
  • Dostik travel ЖШС – 130 орын;
  • Qazaq Sapar ЖШС– 130 орын. 

"Қажылық орындарын бөлу үшін қоғам және дін қайраткерлері мен қажылық саласына қатысы жоқ діни қызметкерлерден құралған арнайы комиссия мүшелерін ҚМДБ төрағасы бекітті. Туроператорларға қажылық орындарын бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін "Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлу" туралы ҚМДБ ережесі негізге алынды", – делінген діни басқармасының ресми хабарламасында.

Еске салайық, 2022 жылы қазақстандық 4 мың азамат үлкен қажылығын өтеді. Оларға 14 туристік компания қызмет көрсетті.

Қазақстанда қажылыққа қаржы жинауға болатын қосымша іске қосылды

Ол арқылы адамдар шот ашып, қаржы жинаса, демеушілер өзге адамдардың қажылық парызын өтеуіне көмектесе алады.

Алматыда Qazaq travel компаниясының 10 жылдығы аясында жаңадан іске қосылған Zhinaq.kz жобасы таныстырылды. Бұл қосымша арқылы қажылыққа баруға шамасы жетпейтін қазақстандықтар енді сайт арқылы жеке шот ашып, ай сайын алдын ала қаржы жинай алады. Бұдан бөлек, қажылыққа шамасы жетпейтіндерге көмектесем дейтін кәсіпкерлер мен өзгелер де осы қосымшаны пайдалана алады. 

Компания басшылығының айтуынша, бұл әлемде бар тәжірибе. Оны жүзеге асыру арқылы қасиетті мекенге барушылардың қатары еселене түспек. 

Шара аясында компания өкілдері көпшілік алдында есеп беріп, өзге де өнімдерімен таныстырды. Сондай-ақ, компания қызметкерлері мен серіктестерге сыйлықтар табысталып, келушілер арасында үлкен қажылыққа 3 жолдама ойнатылды.

Компания қажылыққа қаржысы жетпейтін түрлі санаттағы адамдарға тегін жолдама береді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынатын тізім бойынша жылына кем дегенде 10 адамды үлкен қажылыққа жібереді. Бұл игілікті іс әрі қарай жалғасады, деп сендіріп отыр компания басшылығы.

Айта кетейік, Qazaq travel туристік компаниясы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сенімді серіктестерінің және туристер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін корпоративтік қор туроператорларының тізіміне енген. Бүгінде компанияның жылына қажылық маусымында шамамен 5 мыңдай адамға қызмет көрсете алатын мүмкіндікке ие. 

Zhinak.kz жобасының таныстырылымы

2023 жылы Қазақстаннан 4 мың адам қажылық парызын өтейді

Қазақстанның бас мүфтиі Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрі меморандумға қол қойды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жидда қаласында Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесіп, меморандумға қол қойды, деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес, тараптар 2023 жылы Қазақстаннан 4 мың адамның қажылыққа баруы жөнінде келісімге келді.

Наурызбай қажы Тағанұлы кездесу барысында қазақстандық қажыларға қолайлы жағдай жасау бойынша министрге келесі ұсыныстарын жеткізді:

  • Қазақстан қажыларын жеткізетін әуе тасымалының қызмет құнын халыққа тиімді бағада бекіту;
  • қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • қонақүй бағасына барынша жеңілдік жасау;
  • қызмет сапасын арттыру;
  • төлем жасау жүйесін оңтайландыру.

Еске салайық, 2022 жылы қазақстандық 4 мың азамат үлкен қажылығын өтеді. Оларға 14 туристік компания қызмет көрсетті.

 

0 пікір
Мұрағат