Қазақтар жейтін тамақтарының неше пайызын өздері өндіреді?
|
Статистика комитетінің мәліметінше, 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында елдегі ет өндірісі 591,2 мың тоннаны құрап, ішкі қажеттіліктің 83,6%-ын қамтамасыз етті.
Ал сырттан импортталған ет көлемі 116 мың тонна (16,4%). Соның ішінде Ресей, Украина, АҚШ-тан жеткізілген.
Ал шұжық өндірісінің көлемі 59,8% (27,3 мың тонна), ал импорт көлемі 40,2% (18,3 мың тонна). Қазақтар сырттан сатып алатын шұжық негізінен Ресей мен Канаданікі.
Өз кезегінде балық пен теңіз өнімдерінің 48,9% (24,6 мың тонна) өзіміз дайындасақ, 51,1%-ы (25,7 мың тонна) сырттан импортталады. Негізінен Ресей, Норвегия, Грекия.
Шырынның 83,2-ын өзіміз дайындаймыз.
Сонымен қатар, күнбағыс майының 74%, сүттің 93,4%, сары майдың 71,5%, ірімшіктің 56,8%, йогурттың 85,8%, макарон өнімдерінің 79%, қанттың 59,2%, шоколадтың 58,6%, шай мен кофенің 29,4% іште дайындалады.