Қазақстанның түркі тілдес елдермен сауда айналымы 4,9 млрд долларға жетті
|
Қазақстан Республикасының түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдермен арадағы экономикалық байланысы жылдан жылға артып келеді. Өткен жылы, яғни, 2013 жылы түркі тілдес елдермен арадағы сауда айналымы 4 млрд 930 млн долларды құрады. Бұл жайында ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов мәлім етті. Нақтырақ айтқанда, ол Түркиямен арадағы сауда айналымының 3 млрд 495 млн долларға, Қырғызстанмен арадағы сауда айналымы 1 млрд 1 млн долларға, ал Әзірбайжанға қатысты бұл көрсеткіш 434 млн долларға жеткенін жеткізді. Сондай-ақ, ол қырғыздардың, түріктердің және әзірбайжандардың Қазақстан экономикасына құйған инвестициясы 2 млрд 650 млн долларды құрайтынын, ал Қазақстанның аталған елдерге 166 млн-нан аса доллар инвестиция құйғанын тілге тиек етті.