Қазақстандық науқастар шетелде емделу үшін жылына қанша млн доллар жұмсаған
Қазақстандық науқастар шетелде емделу үшін жылына қанша млн доллар жұмсаған
6 жыл бұрын 2715

Мамандар қазақстандықтар не себепті бұл қызмет түрін өз елінде емес, шетелде алғылары келетінін түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. 

Орталық клиникалық ауруханасының вице-президенті Гүлнұр Танбаева қазақстандықтардың шетел медицинасына жүгінулерінің басты себептердің бірі – отандық медицинаға сенім артпау мен дұрыс ақпараттанбау екенін айтты.

«Жыл сайын 500 млн доллар шетелдегі медициналық қызмет үшін жұмсалады. Қазақстандықтардың еліміздегі медициналық қызметтерге деген көзқарасын өзгертуіміз керек. Тұрғындар біздің медицинамызға сенулері керек. Соңғы 10 жылда медицина саласында көп өзгеріс болды. Үкімет кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету саласына көп қаржы бөлді. Қазір бұл қызмет түрі әр адамға қолжетімді. Тек бұл ақпарат еліміздің тұрғындарына дұрыс жеткізілген жоқ», - дейді ол.

Сондай-ақ, аурухана вице-президенті Отандық емханалар мен шетелдік емханалардың айырмашылығы жоқ деуге болатынын айтты.

«Біздегі науқас адамдар кеңес алу үшін шетелге барады. Ол жақта да дәл біз беретін кеңесті айтады. Олар еліне қайта келіп, өзіміздің медицинаға да сену керектігі туралы қорытындыға келеді. Тіпті, бізде медицина қызметінің бағасы да арзандау», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол қазақстандық ауруханалар халықаралық JCI (Joint Commission International) стандартына сай келетінін айтты.

0 пікір
Мұрағат