Қазақстандық ғалым сусамырдың емін ойлап тапты
Қазақстандық ғалым сусамырдың емін ойлап тапты
10 жыл бұрын 3361

Ғалым Мұсатілла Тоқанов қант диабетінен құтқарудың ғылыми негізін жасады. Бұл жайында nur.kz сайты "Егемен Қазақстан"  басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Сусамыр дертіне шипа таппай әлемдік медицина дағдарып жатқанда шымкенттік ғалым Мұсатілла Тоқанов дауасын түйе сүтінен тапты. Қазір дүниені обыр ауруы теңселтіп тұр. Әлемдік медицина дәрменсіз. Бірақ, емін жаппай іздеп жатыр.

Мәскеудің Герцен атындағы онкологиялық институтының профессоры Р.И.Якубовская бастаған бір топ ғалымдар обыр ауруының алдын алатын лапрот деген препаратты өндіріске енгізбекші. Профессор ракқа қарсы лактоферрин деген ферментті ана сүтінің ақуызынан тапқан.

Бірақ ғылыми жаңалықтың өзіндік қиындықтары аз емес. Мәселен, 1 грамм лактоферринді алу үшін 25 әйелдің сүті өңделуі керек. Оның өзіндік құны 2500-3000 АҚШ доллары. Ал 100 грамм алу үшін 2,5 тонна ана сүті керек.

Ғалымның дәлелдеуінше түйе сүтінен де лактоферрин алуға болады. Сонымен қатар, түйе сүті сиыр сүтімен салыстырғанда "С" дәрумені 5 есе, "РР" 3 есе, "Е" 2 есе, "темір" 10 есе, "кальций" 1,5 есе, "лактоферрин" 30 есе көп.

Басқа қасиеттерін санамағанда құрт ауруына, ішек-құрылыстары, бауыр, дәрумен жетіспеушілік, қан аздық және қант ауруына бірден-бір емі түйе сүтінде екен.

0 пікір
Мұрағат