Қазақстанда зейнетақы жүйесінің жаңа үлгісін енгізуді ұсынды
Қазақстанда зейнетақы жүйесінің жаңа үлгісін енгізуді ұсынды
5 жыл бұрын 2051 7kun.kz Гүлдана Қазтай

Қазақстанда Сингапурдың зейнетақы жүйесінің моделіне сәйкес зейнетақы жүйесін модернизациялауды ұсынылды, деп хабарлады Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов.

«Ең үздік зейнетақы жүйесінің рейтингі жарияланды. Егер үздік он елді алып қарайтын болсақ, олардың зейнетақы жүйелері аудару кезінде (қазақстандық зейнетақы жүйесіне) салық ауыртпалығын 2-2,5 есе арттыруды болжайды. Біздің оған мүмкіндігіміз жетпейді. Тек сингапурлық модель салық жүктемесін сақтап, тіпті оны азайтуға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Құдайбергенов Нұр-Сұлтандағы стратегиялық бастамалардың екінші форумы кезінде.

Оның айтуынша, Сингапурда ғана зейнетақы жүйесі тұрғын үймен тығыз байланысты және бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді.

«Бұл халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, экономикалық өсу және халықты жұмыспен қамту мәселелері… Сонымен қатар, Сингапурдың бәсекеге қабілеттілігі жағынан әлемде бірінші орындағы және сыртқы борышы жоқ әлемдегі жалғыз ел екенін атап өту керек», — деді ол.

Құдайбергеновтың айтуынша, Қазақстан сингапурлық модельді енгізген кезде еңбекақы төлеу қорындағы салық жүктемесін 32%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, оның пікірінше, жүйенің ішіндегі зейнетақы жарнасының сомасын бірнеше құрамдас бөлікке бөлуге болады.

«10%-ды тұрғын үй сатып алу үшін осы қаражатты пайдалану мүмкіндігімен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» шотына дереу жіберу ұсынылады», — деп түсіндірді Құдайбергенов.

«Шартты түрде, аталған модельді енгізгенде азаматтар өмірінде екі рет баспана ала алады. (…) Сингапурда тұрғын үйге ие адамдардың үлесі 91%-ды құрайды. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі», — деді Стратегиялық бастамалар орталығының өкілі.

Олжас Құдайбергенов сөз соңында, Қазақстанда осы реформаны жүзеге асыру үшін 1-2 жыл қажет екенін атап өтті.

0 пікір
Мұрағат