|
Тәжікстан терроризммен сотталғандарға бөлек түрме салмақшы
|
Тәжікстан билігі терроризммен сотталғандар үшін арнайы түрме салмақшы. Бұл жөнінде елде пенитенциарлық жүйені дамытуға арналған конференцияда айтылды.
Тәжікстанның әділет министрінің орынбасары Мансурджон Умаровтың сөзінше, камералы типтегі түрме салуға дайындық басталып кеткен.
"Мұндай арнайы түрме бүлік шығаруға мүмкіндік бермейді. Оларды жеке-жеке тәрбиелеу жеңіл, себебі олар экстремистік идеяларды насихаттаушы болып табылады. Бұл әрі өзге де жазасын өтеушілердің қауіпсіздігін қорғауға мүмкіндік береді", - дейді Умаров.
Былтыр қараша айында Худжанд колониясында және биыл мамыр айында Вахдат түрмесінде жазасын өтеушілер бүлік шығарған. Екеуінде де жауапкершілікті "ИСИМ" тобы мойнына алған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)