|
Қазақстанда шариғатқа сәйкес төлем карталары шығады
|
Қазақстанда «Аль Сакр — Финанс» АҚ шариғат заңдарына сәйкес төлем карталарын шығарады.
Қазақстанда корпоративтік секторға қызмет көрсететін бірнеше исламдық қаржы ұйымдары бар. Солардың бірі «Аль Сакр — Финанс» компаниясы. Исламдық компания Қазақстан қаржы нарығында 17 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Олар жаңа жобаны «Банк-Астана» банкімен бірлесіп жасаған. Картаның артықшылықтары:
— қаражаттың қалдығына сыйақы есептелмейді;
— клиент қаржысын банк эмитенті пайдаланбайды;
— шариғатта тыйым салынған мекемелерде төлем жасау мүмкіндігі жоқ;
— on-line тапсырыс беру;
— ақысыз жеткізу қызметі;
— мультивалюталық;
— ақша салу мен шығару үшін комиссия жоқ;
— 1000-нан астам серіктестерден жеңілдік;
— мобильді қосымшасы бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Индонезиялық компания өз елінің қажылары үшін Меккеде қонақ үй тұрғызады
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
■
Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
■
Жасанды зерде тарапынан төнетін қатер дағдарысқа ұласуы мүмкін