Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен босатылуы мүмкін
Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен босатылуы мүмкін
7 жыл бұрын 5812

Елімізде кәсіпкерлік қызмет туралы заң қабылданғаннан кейін, мыңнан аса шенеунік қызметінен босатылуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сүлейменовтің сөзінше, бүгінгі таңда респуликада түрлі деңгейді 98 мың шенеунік жұмыс істейді. Заң қабылдау аясында талдау жасалып,  олардың санын қысқарту үшін ведомство бойынша нақты жоспар құрылған.

«Біз талдау жасадық. Неше шенеуніктің қысқартылатыны туралы жоспарымыз бар. Шамамен 1 131 шенеунік қысқартылады. Әзірге жұмыс істеп жүрген адамдарды немесе бос орындар санын қысқартатынымыз белгісіз», – дейді Сүлейменов.

Шенеуніктер санын қысқарты туралы нақты шешімді үкімет пен президент әкімшілігі қабылдайтын болады.

«Қабылданған шаралар президенттің Қазақстанда ықшам әрі тиімді үкімет құру туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді», – дейді Сүлейменов.

0 пікір
Мұрағат