Қазақстанда криптовалюта саудалаушылар 5 млрд теңгеге жуық салық төлемеген
Қазақстанда криптовалюта саудалаушылар 5 млрд теңгеге жуық салық төлемеген
5 күн бұрын 352 kaz.inform.kz Айдар Оспаналиев. Фото: Midjourney

KAZINFORM – Мемлекеттік кірістер комитеті елде цифрлық майнингті реттеу жұмыстары қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып берді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда бүгін ресми түрде 75 майнер тіркелген. Кейінгі 3 жылда олардың қызметтерінен түсуі тиіс салық көлемі 17,7 млрд теңгені құрады. Соның ішінде цифрлық майнинг үшін төлемдер 11,6 млрд теңге болды. 

- 2024 жылғы салықтық тексерулер кезінде біршама кемшіліктер анықталып, тағы 4,9 млрд теңге салық төленді. Олардың 2,3 млрд теңгесі цифрлік майнинг үшін, ал 2,6 млрд теңгесі корпоративті кіріс салығына кіреді, - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Сонымен қатар цифрлық майнинг үшін төлемдерге жүргізілген камералдық бақылау барысында бюджетке қосымша 451 млн теңге түсті.

- Аталғандармен қоса криптовалюта сатқан азаматтардың кірістерін азайтып көрсету жағдайлары анықталды. Нәтижесінде оларға 4,3 млрд теңгеге қосымша салық салынды, - деп мәлім етті ведомство өкілдері.

Осыған дейін криптовалютаның «сұр» аймақтан шығуына 2 жыл кетуі мүмкін екені туралы жазылды.

Айдар Оспаналиев

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4