Қазақстанда жерасты суы ластанды
Қазақстанда жерасты суы ластанды
5 жыл бұрын 4603

«КМК Мұнай» АҚ мен «Фирма Ада Ойл» ЖШС ұңғымаларына тексеру жүргізіліп, жерасты суының ластанғаны белгілі болды, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі «Көкжиде» жерасты суына қатысты жан-жақты ақпарат таратты. Сонымен қатар облыстық экология департаментінің тексеру қорытындылары жарияланды. Департамент «КМК Мұнай» АҚ мен «Фирма Ада Ойл» ЖШС-іне қатысты профилактикалық бақылау жүргізген. Нәтижесінде «Көкжиде» құмдарының жерасты суында мұнай өнімдері бойынша шекті рұқсат етілген концентрацияның арту деректері анықталды.

«КМК Мұнай» АҚ-ның келісімшарттық жерлеріндегі төрт бақылау ұңғымасында 1,3 ШРК-дан 8 ШРК-ға дейін артқаны, «Фирма Ада Ойл» ЖШС-інде екі бақылау ұңғымасы бойынша 1,66 ШРК-дан 1,82 ШРК-ға дейін өскені белгілі болды. 

«Судың мұнаймен ластанғаны белгілі болды. Біз енді судың ластануы ұңғыма жұмыстары кезінде немесе табиғи жолмен ластанғанын нақты білуіміз керек. Егер мұнай компанияларының кінәсі дәлелденсе, шара қолданылады», - деді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов.

0 пікір
Мұрағат