Қазақстанда барланған алтын қоры 475 тоннаға ұлғайды
Қазақстанда барланған алтын қоры 475 тоннаға ұлғайды
8 жыл бұрын 2452 24.kz

Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде елімізде соңғы 5 жылда жер астындағы алтынның қоры 475 тоннаға артты. Бұл туралы Алматыда Ұлттық инженерлік академияның 25 жылдығына арналған конференцияда Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлімдеді. Осы уақыт аралығында түсті металдар бойынша 15, мұнай-газ саласында 27 жаңа кен орны мемлекеттік қорға алынған. Комитет төрағасының айтуынша, кейінгі 5 жылда барланған мұнай қоры 318 миллион тоннаға, ал газ қоры 175 миллиард текше метрге ұлғайған. Сондай-ақ Қазақстан алдағы уақытта әлемдік электромобиль өндірісін литиймен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Қазір аталған элементті жер қойнауынан алуға инвесторлар іздестіріліп жатыр. Базарбай Нұрабаев, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы: - Мемлекеттік қорда тұрған, ары қарай зерттеуді талап ететін 6 кен орны тұр бізде. Жапон мемлекеті қызығушылық танытып жатыр. Немістер қызуғышылық танытып жатыр. Жақсы технологиясы болатын болса, сол кен орындарын ары қарай дамытуды ойлап отырмыз.  

0 пікір
Мұрағат