Моңғолия қазақтарының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттер
|
Моңғолияның батысын мекен еткен қазақтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттерді Баяр Балганцэрэн есімді моңғолиялық суретші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған екен. Атажұрттан алыстағы қандастарымыздың нағыз көшпелі дәстүрді сақтап, бүркіт салып, жайлау жайлап отырған көріністерін сіздер де тамашалап көріңіздер.
Баян-Өлгий аймағында жақында ғана халықаралық бүркітшілер бәсекесі өткен. Сонымен қатар, Моңғолияда тұратын қандастарымыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 тауға шығу акциясын өткізді. Акцияның соңғы тауы Цамвагарав тауына Қазақстандық құсбегілер мен Баян-Өлгий аймағы әкімшілігінің азаматтары бірге шыққан еді. Төмендегі суреттердің бірқатары сол Бүркітшілер тойында түсірілгені байқалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Араб дәрігерлері туабітті соқыр нәрестенің көру қабілетін қалпына келтірді
■
Миллиардер өзінің цифрлы АІ сыңарынан сұхбат алды (видео)
■
Саудиялық студент Apple байқауының үш жеңімпазының бірі болды
■
Невропатолог ауырсынудың ең ауыр түрін атады
■
Жапондар әлемде алғаш рет тіс өсіретін дәрі жасады