Қазақстанда бала туу мен бір жасқа дейін төленетін жәрдемақы өсті
Қазақстанда бала туу мен бір жасқа дейін төленетін жәрдемақы өсті
6 жыл бұрын 3875

Қазақстанда бала туу және бір жасқа дейін баланы күту үшін берілетін жәрдемақы көлемі өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда балалы отбасыларын әлеуметтік қорғау жүйесі ЭЫДҰ елдерінінің  осы саладағы негізгі тәсілдерімен сәйкес (қолдаудың бірнеше түрі бар: ақашалай төлемдер, бала күтімі қызметі, салық жеңілдігі) құрылған. Сондай-ақ, адамның өмір сүруінің барлық кезеңінде қолдау көрсету принциптеріне негізделген (туғаннан зейнеткерлікке шыққанға дейін). Қолданыстағы балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға мыналар кіреді: 

Бірінші. Туғанда берілетін бірыңғай жәрдемақы

2018 жылдың 1 желтоқсанына қарағанда осындай жәрдемақы алатындардың саны 332,3 мың адамды құрады.  Жәрдемақы сомасы - 34,2 миллиард теңге (2017 жылы мұндай жәрдемақы алушылар саны 392 мың 7743 адамды құрады, жалпы сомасы - 34,7 миллиард теңге). Жәрдемақы көлемі: бірінші, екінші және үшінші балаға - 91 390 теңге (2017 жылы - 86 221 теңге); төртінші және одан да көп балаға - 151 515 теңге (2017 жылы - 142 947 теңге).

Екінші. 1 жасқа дейінгі бала күтімі үшін берілетін ай сайынғы жәрдемақы

2018 жылдың 1 желтоқсанында 1 жасқа дейін бала күтімі үшін берілетін жәрдемақымен 125 мың адам қамтылды, оларға жалпы сомасы  26,9 миллиард теңге болатын жәрдемақы берілді.  Бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы түрлері: бірінші балаға - 13 853 теңге (2017 жылы - 13 070 теңге); екінші балаға - 16 379 теңге (2017 жылы - 15 452 теңге); үшінші балаға - 18 880 теңге (2017 жылы - 17 812 теңге); төртінші және одан да көп балаға - 21 405 теңге (2017 жылы - 20 195 теңге).

Үшінші. Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға, асыраушысына берілетін жәрдемақы

Бұл төлем 2010 жылдан бастап енгізілді. 2018 жылы оның көлемі 29 699 теңгені құрады. 2018 жылдың 1 желтоқсанында бұл төлемді алатындар саны орташа алғанда 80,2 мың адамды құрады, жалпы сомасы 26,9 миллиард теңге.

Төртінші. Бала күнінен бірінші топтағы мүгедекті күту үшін берілетін жәрдемақы

Бұл төлем 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді. Төлем көлемі 2018 жылы 1,05 ең төменгі күн көріс деңгейін немесе 29 699 теңгені құрады. Орташа алғанда 11,2 мың адам 1,7 миллиард теңге сомада жәрдемақы алды.

Бесінші. Көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасына берілетін төлемдер

Ол көпбалалы аналарға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" немесе бұрын "Қаһарман Ана" атағын алғандарға, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға ай сайын берілетін жәрдемақылар. Бұл жәрдемақыны алатындар саны 40,2 миллиард теңгеге 237 мың отбасын құрап отыр (2017 жылы 239 мың отбасы 41,7 миллиард теңге сомасында жәрдемақы алған). Әлеуметтік қолдау ретінде төрт және одан да көп кәмелет жасқа толмаған балаларымен тұратын көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. 2018 жылдың 1 желтоқсанында мұндай жәрдемақы алатындар саны 30,1 миллиард теңгеге 271,4 мың отбасын құрап отыр.

Алтыншы. МӘСҚ-ның төлемдері

2008 жылдан бастап жұмыс істеп жүрген әйелдерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мынандай себептермен табыс көзін жоғалтқаны үшін төленетін төлемдер: 1) жүктілік және бала туу - 2017 жылдың қортындысы бойынша 180,2 мың адам 62,6 миллиард теңге жәрдемақы алды. 2018 жылдың 1 желтоқсанына қарағанда 63,9 миллиард теңгеге 175,1 мың адам жәрдемақы алды. 2) 1 жасқа толғанға дейін бала күтімімен отырғандар - 2017 жылдың қортындысы бойынша 225,3 мың адам жалпы сомасы 74,1 миллиард теңге, ал 2018 жылдың 1 желтоқсанында 234,2 мың адам жалпы сомасы  88 миллиард теңгеге жәрдемақы алды.

0 пікір
Мұрағат