|
Саудияда неке қидыру жасын ұлғайтты
|
Саудияның кеңесшілер алқасының Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасы 15-ке толмағандардың некелесуіне тыйым салу туралы айтылған. Бұдан бөлек, жасы 18-ге толмаған жасөспірімдердің некесін қию құзыретін арнайы сотқа беру мәселесі де назардан тыс қалмаған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылдың шілде айында саудиялық депуттардың бір тобы жасы 15-ке толмаған қыздардың тұрмысқа шығуына тыйым салуды, сондай-ақ, жасы 18-ге толғанда ғана қыздың әрі анасының келісімімен және күйеуге шығуға жасы жеткені турасында медициналық анықтама алған соң рұқсат беруді талап еткен еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)