Қазақстанда аквамәдениет туралы заң пайда болады
Қазақстанда аквамәдениет туралы заң пайда болады
2 жыл бұрын 1225

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Аквамәдениет туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң жобасы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған, сондай-ақ қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, жануарлар дүниесі мен оның биологиялық әртүрлілігін сақтау, жануарлар дүниесі объектілерін адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін орнықты пайдалану жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Министрліктің мәліметінше, 2017-2021 жылдары Қазақстанда 37 мың тоннадан астам тауарлық балық өсірілді.

Жалпы Қазақстанда 2018 жылы акваөсіру өнімінің көлемі балық өсіру көлемінің 10%-нан кем болды.

Сонымен қатар сарапшылардың бағалауы бойынша акваөсіруді дамыту әлеуеті шамамен 270 мың тонна тауарлық өнімді құрайды, бұл халықтың жан басына шаққандағы тұтыну деңгейін ДДҰ ұсынған көлемдерге дейін көтеруге, сондай-ақ қосылған құны жоғары терең өңделген балық өнімдерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде салық салынатын базаны және әлеуетті инвесторлар үшін саланың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, заң жобасының тұжырымдамасы балық ресурстарын көбейту үшін қамтамасыз етуге арналған инфрақұрылымдық объектілер ретінде асыл тұқымды және селекциялық-генетикалық орталықтар құруды қарастырады:

  • Ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, балықты тауарлық өсірудің жаңа технологияларын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп таза балық желілері мен түрлерін ұстап тұру, сондай-ақ Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген жаңа түрлерді шығару бойынша асыл тұқымдық және селекциялық-генетикалық жұмыстар жүргізу;
  • Жасанды түрде өсімін молайтудың жаңа технологияларын әзірлеу, қорғалатын балық түрлерінің аналық-жөндеу табынын ұстау;
  • Жоғары сапалы балық отырғызу материалын өндіру және оны балық шаруашылығы субъектілеріне өткізу;
  • Балық шаруашылығы субъектілеріне білім беру және консультациялық қызметтер көрсету.

Бұдан басқа ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету, Нормативтік-құқықтық базаны дамыту көзделеді.

0 пікір
Мұрағат