Қазақстанда әйелдер ерлерден 500 мыңға көп
Қазақстанда әйелдер ерлерден 500 мыңға көп
5 жыл бұрын 2210

2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3% өсті, - деп хабарлайды статистика комитеті. Бұл жайында arhar.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

019 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 18611,1 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 10875,7 мың (58,4%), ауылдықтар – 7735,4 мың адамды (41,6%), ерлер 9023,4 (48,5%), әйелдер 9585,7(51,5%) құрады»,- делінген Комитеттің ресми сайтында.

Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің үш өңірінде: Нұр-Сұлтан қаласы (61,7 мың адам), Алматы қаласы (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) қалыптасты. Ал, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қосатнай облыстарында өсім мүлде байқалмайды.

2019 жылы Қазақстаннан 41 мыңнан аса адам кеткен 

2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында 41 819 адам Қазақстаннан кеткен, бұл 2018 жылдың осы мерзіміндегіге қарағанда, 6,3% көп. Бұл туралы Курсив басылымы жазды.

Республикадан кеткендердің көпшілігі ТМД елдеріне бағыт алған, мұндайлардың саны –37 890 адам (бір жыл бұрын 35 544 адам болған). Басқа елдерге 3 929 адам бет алған (бір жыл бұрын 3 813 адам болған).

2019 жылғы қараша-қаңтарда 2018 жылғы қараша-қаңтармен салыстырғанда, Қазақстанға келушілердің саны 5,2%-ға азайған - республикаға 10 949 адам келген, оның ішінде, ТМД елдерінен 8 505 адам келсе, Қазақстаннан кеткендердің саны 6,3% ұлғайған.

Негізгі көші-қоң алмасуы ТМД мемлекеттері арасында орын алып отыр. ТМД елдерінен келгендердің және осы елдерге кеткендердің саны тиісінше, 77,7% және 90,6% құрады.

Осылайша, көші-қоңының теріс сальдосы сақталуда – минус 41 819 адам, яғни Қазақстаннан кеткендердің саны елге келгендер санынан 28 468 адамға артық.

 Ел ішінде қоныс аударушы мигранттардың саны 23,7%-ға ұлғайып, 1 млн 13 мың адамға жеткен. Аймақаралық қоныс аударудың оң сальдосы еліміздің төрт өңірінде орын алған: Маңғыстау облысы (1 060 адам) мен Нұр-Сұлтан (32 011 адам) Алматы (36 858 адам) және Шымкент (2 545 адам) қалаларында.
0 пікір
Мұрағат