Қазақстанда 9 мың шетелдік компания бар
Қазақстанда 9 мың шетелдік компания бар
8 жыл бұрын 3261

"Экономикадағы дағдарыс белгілері сақталғанына қарамастан Қазақстан шетелдік капитал үшін өзінің тартымдылығын жоғалтқан жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда шетелдік формадағы кәсіпорындардың жалпы көлемі 2,3%-ға көбейіп, 9 мың бірлікке жетті" деп хабарлайды  "Finprom.kz" сараптамалық порталы. 

Қазақстандағы шетелдік компаниялардың үлесі де өзгеріссіз қалған, 8691 фирма шағын бизнес обьектісіне жатады. 2015 жылдың маусымынан бері шағын кәсіпорындар саны 197 фирмаға, орта бизнес орындары 10-ға көбейгенімен, ірі компаниялар 2 фирмаға қысқарған.

Қазақстан аймақтарындағы шетелдік компаниялардың орналасуы да бірыңғай емес, көпшілігі Алматы мен Астанада шоғырланған. Ресеймен шекаралас аймақтардағы (әсіресе, Қостанай және Павлодарда), сондай-ақ, мұнай өңдеуші Маңғыстау және Атырау облыстарындағы шетелдік компаниялар үлесі өсе түскен. Өзге елдің инвесторларыy Қарағанды облысындағы көмір өндірісі және металлургиялық потенциалы қызықтырады әрі олардың өңірдегі үлесі көбейіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат