Қазақстан су стресінен зардап шегіп отырған елдер қатарында
Қазақстан су стресінен зардап шегіп отырған елдер қатарында
5 жыл бұрын 2121 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

ҚР Парламенті сенатының халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі Қайрат Қожамжаров су ресурсы саласындағы негізгі проблемаларды қозғады. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады. Ол еліміздегі су ресурсы төңірегінде қалыптасқан негізгі проблемаларды тізбеледі: ауыз сумен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеуі, су инфрақұрылымының тозуы, төтенше жағдай, су қорының ластануы әрі таусылуға жақын қалғаны, трансшекаралық гидрологиялық қауіптің бары, су ресурсын басқару әдісінің жетілдірілмеуі, су шаруашылығы үшін судың жеткіліксіздігі. Осылай деген сенатор әлемдік ресурс институтының дерегін көлденең тартты: бүгінгі таңда әлемде 2 млрд-қа тарта адам су тапшылығы орын алған  аймақтарда тұрады. Әлемнің 68 елі жоғары су стресін бастан кешіріп жатыр. Осы 68 елдің ішінде Қазақстан да бар. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ел аумағындағы ағын судың жиынтық мөлшері 120 текше шақырымды құраса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 101 текше шақырымнан аспайды. Келешекте - 2020 жылы өзен суы 80 текше шақырымға дейін, ал 2030 жылы 72 текше шақырымға дейін азаяды. Соңғы уақытта су ресурсына деген арта түскен экономикалық қажеттіліктен. 

0 пікір
Мұрағат