Қазақстан қандай қауіптермен бетпе-бет келуі мүмкін?
Қазақстан қандай қауіптермен бетпе-бет келуі мүмкін?
4 жыл бұрын 9694

Саясаттанушы Досым Сәтпаев  ютуб арнасында жақын аралықта саяси, экономикалық тұрғыдан Қазақстан қандай қиындықтармен бетпе-бет келуі мүмкін деген сұрақ төңірегінде арнайы мамандар арасында сауалнама жүргізіп, пікірлерді ортаға салды. Бұл жайында adyrna.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

Сауалнама нәтежиесінде елге төнер негізгі қауіптер санатына төмендегідей мәселелер кірген:

Мұнай қорының сарқылуы – 66,7%

Су тапшылығы – 42,2%

Инновациялық төңкеріс – 42,2%

Алматы қаласында жер сілкіну мәселесі – 33,3%

Климаттық өзгеріс – 33,2%

Карантинге жабатын жаңа вирустың пайда болуы – 24,4%

Экологиялық босқындардың көбеюі – 2,2%

Экономист Рустам Теңізовтың пікірінше, елдегі мұнай қорының сарқылуы көптеген факторларға тәуелді. Алайда, оған дейін бар қормен  экономикамызды қайта құруға әбден болады. Қазақстан үшін мұнай бағасының қатты құлдырауы жағдайды күрделендіреді. Тіпті, кезінде мұнай бағасының төмендеуі Кеңес одағының да іргесін ыдыратқанын еске салған ол, мұнайға тәуелділіктен арылып, ауылшаруашылығы, туризм сынды салаларға көңіл бөлу керек дейді.

Су тапшылығы көршілес елдермен қақтығыстарға алып келуі мүмкін. Эколог Вадим Ни Қазақстанға 50 % пайыздан астам су қоры сырттан келетінін ескерсек, бұл мәселе алаңдауға тұрарлық деп есептейді.

Сарапшылар тарапынан Қазақстан экономикасы үшін қауіпті деп табылған проблеманың бірі – Алматы қаласында орын алуы мүмкін жер сілкінісі. Досым Сәтпаев 2006 жылы көтерген мәселесі әлі күнге дейін өз өзектілігін жойған жоқ деп есептейді. Биліктің салғырттығының арқасында бір ғана 9 баллдық жер сілкінісі алып қаланың күлін көкке ұшыруы мүмкін дейді. Ал бұл өз кезегінде ауыр шығынға әкеліп соғады.

Сондай-ақ, елде саяси, экономикалық дағдарыс әкелуі мүмкін проблемалар ретінде сыртқы күштердің әсері, жаппай наразылық акциялары, ұлтаралық қақтығыстар саналады.

0 пікір
Мұрағат