Азаматтық авиация комитеті ҚР ұшақтарының қанша жылдан бері қолданыста жүргенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан әуе компанияларының ұшақтары қанша жыл қолданыста жүр?
|
Қазақстандағы тұрақты жолаушылар тасымалында жүрген негізгі әуе компаниялары ұшақтарының ұшу уақыты 12 жыл және 8 айды құрайды.
«Негізгі әуе компанияларының әуе кемелері паркінде жалпы тұрақты жолаушылар тасымалы үшін қолданылатын 56 ұшақ бар. Air Astana әуе компаниясы. Барлығы 31 ұшақ. Ұшқан уақыты орташа алғанда 8 жыл. СКАТ әуе компаниясы. Барлығы 13 ұшақ. Ұшқан уақыты орташа алғанда 17 жыл. «Бек Air» әуе компаниясы. Барлығы 9 ұшақ. Ұшқан уақыты орташа алғанда 20 жыл. Qazaq Air әуе компаниясы. Небәрі 3 ұшақ. Орташа ұшқан уақыты 3 жыл», - дейді Авиация комитеті.
Халықаралық авиа құрылысының қазіргі тәжірибесінде жалпы ресурсын шектеусіз «жағдайына қарай пайдалану» тәсілі қалыптасқанын айта кету керек. Бүгінгі таңда өндірушілер техникалық қызмет көрсетуде ұшақ пен оның агрегаттарының жағдайына үнемі мониторинг жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаны қолданады. Ақау шыққан жағдайда жөндеу жүргізіледі.
Еске сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова елімізде тозығы жеткенұшақтардың әлі қолданыста жүргенін ашына айтқан болатын.