Қазақстан әлемдік нарықтағы уран бағасын көтеру үшін оның өндірісін 10%-ға қысқартты
|
Әлемдік табиғи уран нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан 2017 жылдың қаңтарында уран өндірісінің көлемін 10 пайызға қысқарту шешімін қабылдады. Осы шешімнің нәтижесінде нарықтағы уран бағасы 20 пайызға артты, деп хабарлады ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Қанат Бозымбаев Астанада газдың тарифі қандай болатынын айтты "Қазіргі уақытта әлемдік уран нарығында уранға деген ұсыныстың артуы байқалады. Өткен жылы табиғи уранның бағасы едәуір төмендеді, жыл ішінде қырық пайызға түсті. Әлемдік табиғи уран нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты 2017 жылдың қаңтарында республикада уран өндірісінің көлемін 10 пайызға, яғни 22 мың тоннаға дейін төмендету шешімі қабылданды. Бұл әлемдік өндірістің үш пайызын құрайды. Бұл шешімнің нәтижесінде нарықтағы уран бағасы 20 пайызға артқанын атап өткім келеді", — деді Бозымбаев Мәжілісте өткен үкімет сағатында. Алайда, оның атап өтуінше, нарықтағы уранның артық үлесі 2020 жылға дейін сақталады деп күтілуде. Нәтижесінде уран бағасы құбылып, ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігі бұзылады деп болжанып отыр. Десек те, әлемдік уран нарығындағы қиын жағдайға қарамастан Қазақстан әлемдік нарықтағы өзінің көшбасшылық ұстанымын сақтауға ниетті. Жалпы, Қазақстан барланған табиғи уран қоры бойынша әлемде екінші орында тұр. Барланған әлемдік қордың шамамен 12 пайызы Қазақстанның жер қойнауында шоғырланған. Қазақстандағы табиғи уранның жалпы қоры мен ресурстары шамамен 1,4 миллион тоннаны құрайды. "Уран ресурстарының едәуір көлемде болуы Қазақстанның басқа елдердің алдындағы үлкен бәсекелестік басымдығы болып табылады. Оны тиімді пайдаланудың арқасында біршама уақыт кезеңінде, шамамен 50-80 жыл, табиғи ресурстарының маңызы төмен және айтарлықтай таусылған экономикалық дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстан қашанда басымдыққа ие болады", — дейді Бозымбаев. Қазақстан 2009 жылы уран өндірісі бойынша әлемде бірінші орынға шықты және әлемдік уран нарығындағы көшбасшылық ұстанымын әлі де сақтап келеді. 2016 жылы уран өндірісінің көлемі 24 мың 70 тоннаға жетіп, 2009 жылмен салыстырғанда өсім 76 пайызды көрсеткен.
Сондай-ақ, министр АИ-92 бензинінің не себепті арзандағанын түсіндірді "2016 жылы әлемдік табиғи уран нарығында 80 пайыз уран өнімі бес елде өндірілді, олар — Қазақстан, Австралия, Канада, Нигер және Ресей. Әлемде барлық өндірілген табиғи уранның 39 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі", — деді Бозымбаев. Бүгінгі күні Қазақстанда уран өндірумен 12, оның ішінде Ресей, Қытай, Франция, Канада, Жапония мен Қырғызстанның компанияларымен бірлескен 11 кәсіпорын айналысады. Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген уран түгелдей әлемдік нарыққа, бірінші кезекте Қытайға, Еуропаға, Канадаға және АҚШ-қа экспортталады. Ішкі нарықта уран өнімін өткізуге мүмкіндік жоқ. Қазақстанда өндірілген уран толығымен басқа елдерге шығарылады.