Қазақ жауынгерлері Иорданияда өткен сайыста жүлделі орын иеленді
|
ІІ Абдулла Королі атындағы «KASOTC» Иорданиялық Хашимит корольдігінде «Warrior-2016» арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің VIII жыл сайынғы жарысы аяқталды деп хабарлайды "Baq.kz" тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөзс қызметіне сілтеме жасап.
Бес күнге созылған жарыста 11 елден жиналған 25 команда автоматты қарудан, помпалы мылтықтардан, мерген винтовкаларынан және тапаншаларда әртүрлі тактикалық жағдайда құрамдастырылған оқ атуларда күш-жігерлері мен кәсіпқойлықтарын, сондай-ақ жылдамдықтарын, төзімділіктерін, командада жұмыс жасай алу шеберліктерін көрсетуде бақ сынасқан. Биылғы жылғы сайыста Қазақстан ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери қызметшілердің командасымен ұсынылды. Арнайы мақсаттағы жауынгерлерімізге сайыс барысында он командалық кезеңде және бір жеке біріншілікте шеберліктерін паш етті. Қатысушылардың айтуынша, кезеңдер күрделі, бірақ, атқаруға келетіндей болды. «Кезең ережелері жыл сайын өзгеріп тұрады. Осы жылы ұйымдастырушылар барынша қызықты етіп жасаған. Әрбір жаттығу дерлік «тосынсыймен» болды», - деді қазақстандықтардың бірі. Сәттілік туралы айтатын болсақ, биылғы жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы жауынгерлері екі бірдей аталымда жүлделі орынды еншілегендерін айта кеткен жөн. Бірінші – ұшақ шабуылында («The Punisher») және үшінші – топ құрамында кедергілерді еңсеру мен автоматтық қарудан («Soul Crucher») атысты жүргізуде. Жалпы алғанда, командамыз ұпай саны жағынан 4 жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен.