|
Қасқырды қарусыз аулайтын қазақстандық аңшы (видeо)
|
Журналист Ерқанат Көпжасар Instagram желісіндегі парақшасына қызықты кадрлар жариялады.
Видеодан Шығыс Қазақстанның атақты аңшысы Ержан Қасымбековті көруге болады. Ол қасқырларды қарусыз аулайды. Ролик 2015 жылдың қысында түсірілген және тұңғыш рет жарияланып отыр. Журналистің айтуынша, Ержан − кәсіби аңшы. Ол қасқырларды ермек үшін емес, арнайы рұқсатпен аулайды. Айта кетейік, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында қасқырлар малдарға жиі шабуылдады. Жергілікті аңшылар оларды шетінен қырған болатын. Сонымен қатар мемлекет аңшыларға ақшалай сыйақы береді − өлтірілген бір қасқыр үшін шамамен 12 мың теңге.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Орта ғасырдағы парсылар туралы аниме-сериал көрермендерін масаттандарды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Америкалық дәрігерлер өздерін эфтаназия процедурасына тартқаны үшін сотқа жүгінді