Қарағандылық жас ғалымдар жаңа препараттар ойлап тапты
Қарағандылық жас ғалымдар жаңа препараттар ойлап тапты
11 ай бұрын 1549 zakon.kz Айгерим Тарина

Қарағандылық жас ғалымдар паркинсон бас-ми ауруына қарсы препарат жасап шығарды. Белгілі боксшы Мұхаммед Әли ауырған бұл дертке әлем елдері шипа іздеуде.

Қазір ғылыми қызметкерлер өздері ойлап тапқан дәрілік заттарды зерттеу, жетілдірумен айналысуда. Жаңа ғылыми жетістіктерге қол жеткізу үшін жас ғалымдар шетелде білімдерін шыңдап келген, деп жазады qazaqstan.tv.

Жанат Көшенов бастаған бір топ жас ғалымдар соңғы уақытта паркинсон бас-ми ауруына қарсы препаратты жетілдіруде. Ол үшін шетелдік ғылыми және өндірістік орталықтарда зерттеу-өңдеу жұмыстарын меңгерген.

"Жаңадан бұл жақта табылған өсімдік препараттарын қазір ми ауруларына, паркинсон, альцгеймер ауруларына қарсы текесеріп жатырмыз. Табиғи таза дәрілер өндіреміз. Жалпы шетелде алған білімімді пайдаланып, отандық фармацевтиканы дамытуға үлес қоссам деймін."Жанат Көшенов, халықаралық ғылыми-өндірістік кешеннің ғылыми қызметкері

Жаңа препараттарға қажетті биологиялық шикізат негізінен өсімдіктерден алынады. Әсел Аманжан ғылыми орталықта 8 жылдан бері жұмыс істейді. PhD-докторанты елімізде өсетін өсімдіктер арасынан табиғи шикізат көздерін зерттеп, биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алуда үлкен жетістіктерге қол жеткізген білікті маман. Ол дәрі өндіруге қажетті субстанциялардың жаңа түрлерін сынақтан өткізу үшін шетелдің ғылыми-зерттеу институттарымен үнемі байланыста.

"2023 жылы Мәскеу қаласында Сидженов атындағы медицина университетінің институт формациясында профессор Краснюктің қол астында табиғи қосылыстардан суда ерігіштік комплекстер алынды. Оларда бізде субстанция ретінде қолданылады. 2024жылы бізде қаңтарайында Новосибирск институтынаіс-сапар болады."Әсел Аманжан, халықаралық ғылыми-өндірістік кешеннің зертхана меңгерушісі

Еліміз бәсекеге қабілетті болу үшін ғылым өндірістің жаңа технологияларына бағытталуы тиіс.Мұны жас ғалымдар жақсы түсінеді. Бүгінде Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен ғылыми ізденістерге қолдау зор,-дейді олар. Сол себепті соңғы кездері орталықта жұмыс істейтін 100-ге тарта жас маман ғылымды өндіріске енгізіп,кәдеге жарату бағытында тынбай ізденіп, үлкен нәтижелер көрсетіп жүр.

Айгерим Тарина

zakonkz logo

0 пікір
Мұрағат