Қарағандыда мемлекеттік туға қатысты тағы дау туды
Қарағандыда мемлекеттік туға қатысты тағы дау туды
10 жыл бұрын 3632

Қарағандыда ережесіз жекпе-жектен өткен турнирде Қазақстанның мемлекеттік туы тағы да қор болған. Бұл жайында nur.kz cайты Новый вестник ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

28 ақпан күні өткен жарысқа қатысушылар турнир билбордындағы логотиптен екіге бөлініп, крестке ұқсап тұрған Қазақстан туын көрген.

"Бұл туралы маған қатысушылар айтты. Олар туды қорлағанына ашуланған. Байқап қарасаңыз, туды екіге бөліп, дулығаға ұқсас нәрсе жасаған. Сондай-ақ, крестің бейнесін де көруге болады", - дейді заңгер Жасұлан Айтмағамбетов.

Турнирдің  крест жорықтары түрлерінен өткізілгенін де заңгер атап өтті. Осы орайда, заңгер мемлекеттік туды қорлағандарды заңмен жазалауды сұрап отыр.  Өйткені, ұйымдастырушылар мұны саналы түрде осылай дайындауы мүмкін.

Естеріңізде болса, балконға туды іліп қойғаны үшін Астана тұрғынына 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынған еді.

0 пікір
Мұрағат