Қандастар үшін 10 жылдық «Ата жолы» картасы енгізіледі
Қандастар үшін 10 жылдық «Ата жолы» картасы енгізіледі
2 жыл бұрын 1320 inform.kz

Қандастарымызға 10 жылдық жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда өз кәсібін жүргізуге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамара Дүйсенованың атап өтуінше, «Ашық Қазақстан 500+» атты көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасының төртінші бағыты этникалық көші-қонды реттейді.

«Бұл бағытта негізгі екі мәселе бар. Біріншісі – шетелде тұратын этникалық қазақтардың әлеуетін пайдалану. Осы мақсатта «Ата жолы» картасын енгізу ұсынылады. Бұл құжат жоғары деңгейдегі кәсіби маман немесе өздері тұратын елдерде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда жүзеге асыруға ықыласты қазақтарға берілетін болады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, мұндай азаматтар 10 жылдық жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда өз кәсібін жүргізуге мүмкіндік алады.

«Оларды тарихи отанын дамытуға қосқан үлесі үшін жыл сайынғы «Парыз» байқауы аясында Президент сыйлығымен марапаттауды ұсынып отырмыз. Екінші – елге келетін қандастардың көші-қонын реттеу тетіктерін жетілдіру. Яғни, еліміздегі демографиялық және экономикалық үрдістерді ескере отырып, құжаттарды рәсімдеудің алғашқы кезеңінде қандастарды еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануға қосымша ынталандыру ұсынылады», - деді Тамара Дүйсенова.

0 пікір
Мұрағат