Петропавл аялдамаларында тиын-тебен салынған конверттер пайда болды
|
Аялдамадағы тегін ақша. Петропавл қаласында жолаушылардың қамын ойлайтын жастар ішіне тиын-тебен салынған қағаз конверт жапсырып кеткен. Елге таңсық көрінетін игі шара жолақысын төлеуге 5-10 теңгесі жетпей қалатын жолаушылар үшін ыңғайлы болмақ. Шарапаты мол шараға жастар бастамалары орталығының қызметкерлері ұйытқы болып отыр. Басты мақсат – адамдарды ізгі іске баулу. Белсенділер әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар даашып қойған. Онда жақсылық жасаған кезкелген адам жайлы ақпарат жариялауға болады. Бауыржан Мұстафин, жастар бастамалары орталығының қызметкері: - Кейде студенттерге, қарт адамдарға, қарапайым адамдарға жолына 5-10 теңгесі жетпей жатады. Бұндай жағдай өз басымнан да өткен. Сондықтан жастармен бастама ұйымдастырып, осындай шараны қолға алдық. Жақсылық істесең, өз басыңа қайтып келеді ғой.