Өткен жылы елімізге қанша шетелдік турист келгені белгілі болды
Өткен жылы елімізге қанша шетелдік турист келгені белгілі болды
3 ай бұрын 763 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы елімізге келген шетелдік туристер саны туралы мәліметтермен бөлісті. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы Қазақстанға 9,2 миллион шетелдік турист келген екен, соның ішінде туристер қарасы бойынша Қытай елінен келгендер көш бастаған, одан кейінгі орындардан Үндістан, Германия, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктері көрінген. Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісілген визасыз режимнің орнауына байланысты елге келетін қытайлық туристердің саны шамамен 20 есеге артқан. 2022 жылы Қазақстанға 18 мыңға жуық Қытай азаматы келсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 370 мыңға жеткен. Екі ел арасындағы тікелей қатынайтын рейс саны аптасына 44-ке жетті. Өткен жылы Қазақстанға Үндістаннан 78 мың адам келсе, Германиядан 85 мың неміс азаматы келген. Үндістан мен Германиядан кейінгі орындарда 36 600 адаммен Оңтүстік Корея және 10 500 туристпен Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Өзбекстан азаматтары Қазақстанға жиі келетін қонақтар санатында. 2023 жылы елімізге Өзбекстаннан 3,6 миллион, Ресейден 2 миллион, Қырғызстаннан 1,6 миллион және Тәжікстаннан 700 мың адам келген.

0 пікір
Мұрағат