|
Оқушы шашынан жұлмалаған мұғалімге жауап қайтарды (видео)
|
Оқушының шашынан жұлмалап, тіл тигізіп жатқан мұғалімнің видеосы әлеуметтік желілерді кезіп жүр. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Видеодан ашуға булыққан ұстаз оқушыға қол көтеріп, шашынан жұлмалап жатқаны байқалады. Оқушы ұстаздың бұл әрекетіне шыдамай, “Болды ғой, жетеді ғой” деп жауап қайтарады.
Ал мұғалім болса “Жетпейді. Отыр. Жап аузыңды… Иттің баласы” деп тіл тигізіп жатқаны естіледі.
Еске салсақ бұған дейін де Шымкентте оқушыға қол көтерген мұғалімнің видеосын жария еткен болатынбыз.
Оқушы ата-анасымен бірге мұғалім үстінен арыз жазбады, алайда ғаламторда жарияланған видеоға байланысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, бұл істі Шымкент ІІБ бастығы подполковник Данияр Мейірхан өз бақылауына алды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)