|
Оңтүстік аймақтардан СҚО-ға 80-ге жуық отбасы қоныс аударды
|
Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің еңбек күші тым көп өңірлерден еңбек күші жетіспейтін облыстарға қоныс аудару бағдарламасын жүзеге асыруға белсене кірісіп кетті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен Петропавлда өткен кеңесте СҚО әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды PM.kz.
«Осылайша, СҚО-ның 36 елді мекеніне басқа облыстардан келген 340 адамнан тұратын 79 отбасы қоныстанған. Отбасылардың ең көп саны ОҚО-дан – 74 отбасы, 3-і – Алматы облысынан, 2-і – Жамбыл облысынан көшіп келген. Қоныс аударушылардың орташа жасы – 35-40 жас», - деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Дүйсенова.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті