Neo Nomad визасын алған шетелдік туристер Қазақстанда бір жыл тұра алады
|

Neo Nomad визасын алған шетелдік туристердің Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндігі бар, деп хабарлады 24.kz
Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады. Бұл туристерге еліміздің мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік беріп қана қоймай, ел экономикасына пайда әкеледі деп күтілуде.
Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңге болмақ. Визаны пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды. Бірақ, бағдарлама отандық еңбек нарығына әсер етпейді.
Еске салайық, Neo Nomad визасы былтыр енгізілді. Бұл виза қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған.
Қырғызстан басқа елдердің төлқұжаттарын шығара бастады
KAZINFORM – Қырғызстан басқа елдердің төлқұжаттарын шығара бастады. Бұл туралы бүгін Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы Қаныбек Тұманбаев мәлім етті, деп хабарлайды Кabar ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Қырғыз Республикасы өткен жылдан бастап жалпы азаматтық төлқұжаттарды өзі шығара бастаған.
- Бұдан басқа, біз тағы екі мемлекеттің төлқұжатын дайындауға тапсырыс алдық. Бұрын басқа елдерде төлқұжатты ақша төлеп рәсімдейтін болсақ, қазір басқа елдер бізге тапсырыспен жүгініп жатыр, - деп баяндады Тұманбаев.
Бұған дейін Қазақстанда төлқұжатты тегін алатын азаматтардың 9 санатын жариялаған болатынбыз.
Еске сала кетсек, қазақстандықтар жеке куәлікті онлайн ауыстыра алады.
Kazinform үшін арнайы Кabar серіктес агенттігі ұсынған.
Зарина Туғанбаева