Назарбаев университетіне қалай түсуге болады?
Назарбаев университетіне қалай түсуге болады?
5 жыл бұрын 2954 qazbilim.kz

Назарбаев университеті

Назарбаев университеті бүгінде Қазақстандағы әлемдік стандартта білім беретін, Қазақстандық жоғары оқу орындары рейтингісіндегі №1 университет. Оның мүмкіндіктері мен онда оқыған студенттердің болашағы туралы үлкен үміт күтуге болады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. Назарбаев университетінің негізгі қағидаты —  білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. НУ — ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.

НУ-дың негізгі ерекшеліктері болып табылатындар:

— заң түрінде бекітілген академиялық еркіндік және институционалдық дербестік;

-халықаралық оқытушы-профессорлар құрамы;

-оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі тілі ағылшын тілі;

-оқуға түсу және оқу кезінде қойылатын қатаң академиялық талаптар;

— сондай-ақ бакалавриат бағдарламасынан бастап білім мен ғылымды интеграциялау.

ПАЙЫМДАУ

Қазақстанды және әлемді дамытуға және өркендетуге қажетті ғалымдарды, мамандарды, жетекшілер мен кәсіпкерлерді даярлау.

МИССИЯСЫ

Қазақстанның жоғары білім мен ғылым жүйесінде реформаларды жүргізу моделі болу және Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы болып қалыптасуына үлес қосу.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ:

І мақсат. Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылық
Назарбаев Университеті тәжірибесін Қазақстанның жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына таратуды қамтамасыз ету.

ІІ  мақсат. Академиялық көшбасшылық

Академиялық көшбасшылықты дамыту және қолдау көрсету арқылы Назарбаев Университетінің миссиясына қол жеткізу.

ІІІ   мақсат. Ғылыми көшбасшылық

Әлемнің озық ғылыми және зерттеу орталықтарымен әріптестікте ғылыми зерттеулер жүйесін қалыптастыру.

ІV мақсат. Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің моделін құру

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде қызмет көрсету моделі ретінде Назарбаев Университетінің денсаулық сақтау жүйесін құру.

V мақсат. Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу

Қазақстандағы инновациялардың негізгі қозғаушы күші болу және инновациялардың өңірлік орталығы ретінде Астананың қалыптасуына үлес қосу.

Назарбаев университеті  FOUNDATION (дайындық) бағдарламасына қалай түсуге болады?

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. Бұл курс шеңберінде тыңдаушылар бакалавриат бағдарламасына академиялық, ғылыми және тілдік дайындықтан өткізіледі. Оқыту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебінде өткізіледі. Білім алу ҚР мемлекеттік қаражаты есебінен іске асыралатын “Назарбаев Университеті” гранты шеңберінде және ақылы түрде болуы мүмкін. Университет алдындағы Дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің мектептері студенттерді бакалавриат бағдарламаларына одан әрі білім алуға қабылдайды. 

ТІРКЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

Іріктеу конкурсына қатысуға тіркелу үшін, талапкерлер келесі іс-шаралар реттілігін сақтауы қажет:

1-қадам.

 

Жеке кабинет ашу

www.admissions.nu.edu.kz порталында «Хабарламалар» бөлімшесін басып , тіркеу терезесінде қажет ақпаратты ағылшын тілінде енгізу қажет.

 

Тіркеуді аяқтағаннан кейін, Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген сілтеме-авторизация арқылы тіркеуді растау қажет.

Өз жеке кабинетіңізде тіркеу нұсқаулығымен міндетті түрде танысу қажет.

2-қадам.

 

Тіркеу жарнасын төлеу.

Тіркеу жарнасын төлеу банк картасы арқылы жеке кабинеттегі «My Application Forms» бөлімінде тек қана онлайн төленеді. ҚР резиденттері үшін тіркеу жарнасы  3 000 теңге, ал ҚР резиденттері еместер  үшін 14 000 теңгені құрайды.

 

Банк картасы болмаған жағдайда, талапкердің басқа адамның картасын пайдалануына  болады. Егер талапкер конкурсқа қатысудан бас тартса, тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.

3-қадам.

 

Өтініш нысанын толтыру.

Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation Program сілтемесін ашыңыз. Foundation Application Form нысанын онлайн толтырыңыз. Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін, берілген жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.
4-қадам.

 

Қажетті құжаттарды тапсыру.

Өтініш нысанын толтырғаннан кейін, жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде  мына құжаттарды жүктеу қажет:

 

1.     Оқу орнынан берілетін анықтаманың немесе бар болса қосымшасы бар аттестат/дипломның сканерден өткізілген көшірмесі(нысан бойынша);

2.     Талапкер қол қойған жеке ақпаратты өңдеуге келісімі  (нысан бойынша);

3.    Жеке куәлік немесе паспорт.

Бар болған жағдайда, талапкер IELTS немесе TOEFL сертификатының көшірмесін жүктей алады.

5-қадам.

 

Тіркеуді аяқтау.

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер жасалғаннан кейін, міндетті түрде SUBMIT APPLICATION батырмасын басыңыз. Сол жағдайда ғана тіркеу толығымен аяқталады. Тіркеу аяқталғаннан кейін сауалнамаға өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.
Одан арғы іс-қимылдар. Емтихан алдында 1-2 апта қалғанда электрондық поштаңызды тексеріңіз, өйткені оған емтихандағы тәртіп ережелері, емтиханның өту орны мен уақыты туралы ақпарат жіберіледі. Кейбір жағдайларда Университеттен хабарламалар спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте ұстаңыз.

Егер тіркеу кезінде қандай да бір мәселелер орын алса, foundation_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сауал жіберген кезде, (ҚР  азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID  нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ ЖӘНЕ ТАЛАПТАР

Іріктеуге келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:

— Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары;

— Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;

— Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.

Талапкерлерді іріктеу конкурсы мына кезеңдерден тұрады:

Бірінші кезең  – APTIS тестілеу;

Екінші кезең – NUFYP Entrance Test тестілеу;

Үшінші кезең – IELTS тестілеу;

Төртінші кезең – құжаттарды қарау.

Егер талапкер қандай да бір кезеңдегі емтиханнан ең төмен өту бағасын алмаса, ол келесі кезеңге өте алмайды.

APTIS – ағылшын тілі деңгейін анықтайтын тест:

Оқу, грамматика және сөздік қорын тексеру;

Сұрақтар саны — 75;

Емтихан ұзақтығы — 55 минут;

Тест нысаны – бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар;

Ең төмен өту балы  — 37.5;

Емтихан нәтижесі 7 күннен кейін дайын болады.

Белгіленген мерзімге дейін жалпы ұпайы 6.0-ден жоғары IELTS (немесе осы ұпайға сәйкес TOEFL)  сертификаттарын жіберген талапкерлер APTIS емтиханын тапсырудан босатылады.

NUFYP Entrance Test – Назарбаев Университетінде білім алу үшін бейіндік  пәндер бойынша талапкердің академиялық дайындығы деңгейін анықтайтын тест.

НУ-дың таңдалған мектебіне сәйкес пәндер бойынша білімі бағаланады:

«Математика» және «Физика» — Инженерия мектебі, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі.

«Математика» және «Физика» немесе «Математика» және «Химия/Биология» — Ғылым және технологиялар мектебі.

«Математика» және «Ойлау дағдылары» — Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі.

Сұрақтар саны — 60;

Тестінің  ұзақтығы — 120 минут;

Тест нысаны — бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар;

Ең төмен өту балы  – 120, бұл ретте  әрбір пәннен ең төменгі балл — 50. Осылайша  50 балл  + 70  балл = 120  – балл жалпы өту балын алу үшін пәндер бойынша балдардың ең төменгі қосындысы.

Емтихан нәтижесі 3 аптаның ішінде дайын болады.

IELTS – халықаралық стандартталған академиялық ағылшын тілі деңгейін анықтайтын тест:

Жазу, оқу, түсіну және сөйлеу қабілетін бағалайды;

Тестің ұзақтығы — 2 сағат 54 минут;

Тестің нысаны – жазбаша және ауызша бөлімдерден тұрады.

Ең төмен өту бағасы НУ-дың таңдалған мектебіне байланысты болады:

Инженерия мектебі, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі, Ғылым және технологиялар мектебі – жалпы балл 6.0, оның ішінде әр секцияда 5.0 – ден аз болмауы тиіс;

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі – жалпы балл 6.0, оның ішінде әр секцияда 6.0 – ден аз болмауы тиіс;

Нәтижелер 14 күннен кейін дайын болады.

IELTS емтиханын  НУ үшінші қабылдау емтиханы ретінде ұйымдастырады.

Тест тапсырмалары, олардың ережелері мен ұзақтығын тестіні ұйымдастырушылар өзгертуі  мүмкін.

Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде орналастырылады.

Тест алдында бір апта қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.

Емтихан нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде сақталады және қосымша жеке электрондық поштасына жіберіледі.

Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген.

Назарбаев Университетінің Дайындық бағдарламасына қабылдау емтихандары талапкерлер үшін тегін.

Құжат қабылдау уақыты.

Біз өткен жылды мысалға алдық, әр жылы осы мезгіл шамасында жүргізіледі. Әр жылы қыркүйек айының басында маңызды күндер кестесі шығарылады.

0 пікір
Мұрағат