Ұшты-күйлі жоғалған, адамзат тарихындағы ең қымбат Иса пайғамбардың суреті саудиялық ханзаданың яхтасынан табылды (фото)
Ұшты-күйлі жоғалған, адамзат тарихындағы ең қымбат Иса пайғамбардың суреті саудиялық ханзаданың яхтасынан табылды (фото)
5 жыл бұрын 4170 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Әлемді құтқарушы" деп аталатын, аңызға айналған Леонардо да Винчидің қылқаламынан туған, адамзат тарихындағы ең қымбат өнер жаһауры Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның яхтасынан табылды. Бұл жайында Artnet ақпарат көзі хабар таратты. 1500 жылы кенепке түсірілген Иса пайғамбардың бейнесін 2017 жылы саудиялық ханзада Бадер 450,3 млн долларға сатып алған болатын. Полотноның бұрынғы иесі ресейлік миллиардер Рыболовлев аталмыш картинаны үш есе арзан бағасына, дәлірегі, 127 млн долларға сатып алған еді. Өнер төңірегіндегі сарапшылар Бадер бин Абдолла бин Мұхаммед бин Фрақан әл-Саудтың өнерге жақындығы жоғын, яғни, коллекциянер емесін алға тартып отыр. Осыған қарағанда монарх әулеті аталмыш картинаны өздері үшін сатып алмаған. Саудия билігі бұл өнер жауһарын болашақта салынатын әл-Ула қаласының мәдени орталығына айналдыруда пайдаланбақ болған. Әзірге бұл картина тақ мұрагерінің яхтасында сақтаулы тұр. 

0 пікір
Мұрағат