Мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін
Мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін
5 жыл бұрын 3151

Мәжілісмендер премьер-министрдің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары Гүлшара Әбдіхалықовадан осыны сұрап, депутаттық сауал жолдады, — деп хабарлайды arhar.kz порталы ktk.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана үшін зейнетке шығу жасын төмендетуді, сондай-ақ, күн сайынғы психоэмоционалдық және физикалық жүктемелерді ескере отырып, ата-аналардың біреуіне қысқартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Себебі мүгедек бала қамқорлықты қажет етеді, — дейді мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, елімізде мүмкіндігі шектеулі 88 мыңға жуық ұл-қыз бар. Оларды асырап отырған ата-аналар құрметті демалысқа жұрт қатарлы шығады. Яғни, ерлер 63 жастан. Ал, әйелдер биыл 59 жастан бастап.  заң бойынша келіншектердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңмен 2027 жылға дейін 63 жасқа дейін ұлғайтылады. Айта кетейік, мүгедек бала бағып отырған ата-аналарға әр перзент үшін әзірге 31 мың теңгеден жәрдемақы төленеді. Шілде айынан бастап оның көлемі 30 пайызға өсуі тиіс.

0 пікір
Мұрағат