Мобильді құрылғыларды тіркеу ережелеріне өзгеріс енгізіледі
Мобильді құрылғыларды тіркеу ережелеріне өзгеріс енгізіледі
1 ай бұрын 304 24.kz

Елімізде 25 мамырдан бастап ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеудің жаңа ережесі күшіне енеді, деп хабарлайды 24KZ.

Ол бойынша қолданылатын құрылғылар міндетті верификациядан өтуі тиіс. Смартфондарды ресми рәсімдеу үшін азаматтар «kz-imei.kz» онлайн порталын қолдана алады. Осы арқылы құрылғының заңдылығын тексеріп, сәйкестендіруге болады. Өткен жылы Қазақстанда 5 миллионнан аса телефон сатылған. Оның 75%-і заңсыз жолмен әкелініпті.

Мамандар сөзінше, верификацияның енгізілуі тұтынушыларды сапасыз және күмәнді гаджеттерден қорғауға, алаяқтықтың жолын кесуге бағытталып отыр. Қазіргі күні 4 миллионнан астам құрылғы сәтті тексеруден өткен.

Азамат Серіктаев, ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті Тіркелген байланыс жобаларын дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы: - Егер сіз 25 мамырға дейін құрылғыңызды сәйкестендіру процессінен өткізе алмасаңыз, бұл кезең өткеннен кейін сәйкестендіруді сілтеме арқылы жасай аласыз. Яғни, уақыт бойынша ешқандай шектеу болмайды. Қазіргі таңда басқа да органдармен жауапкершілік тетігін енгізу үшін өзгерістерді қарастырып жатырмыз.

 

0 пікір
Мұрағат