Бір ғана араб елінде цитрус өнімдерінің өндірісі соңғы 8 жылда 29% -ға төмендеп кетті
|

Мароккодағы цитрусты жемістердің алқабы 2016-2024 жылдар аралығында 29%-ға кеміп кеткен. Осының кесірінен Марокко шамамен 1,1 млн тонна кем алып жүр өнімді. Бұл жайында islam.kz порталы HESPRESS English - Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Марокконың ауыл шаруашылық министрлігінің бастамасымен Maroc Citrus компаниясы ұйымдастырған жиынды осындай мәселе көтерілді. Аталған компания өкілдері қазіргі уақытта Мароккодағы цитрустық жемістердің жылдық өндірісі 1,5 миллион тоннасынан асатынын және олардың үштен бір бөлігі экспортқа арналғанын хабарлады. Бұл сектор 13 000-нан астам ауылдық отбасыны асырап отыр және жыл сайын 32 миллион жұмыс күнін қамтиды. Марокко цитрусты жемістерді экспорттауда әлем бойынша алтыншы орында тұр.




