Мобильді аударымдарды тексерудің жаңа түрі іске қосылды
Мобильді аударымдарды тексерудің жаңа түрі іске қосылды
1 сағат бұрын 44 24.kz

Енді жеке тұлғаның есепшотына үш ай үздіксіз 100-ден астам аударым түсіп және жалпы сомасы 1 млн теңгеден асса, мониторингке ілігеді, деп хабарлады 24.kz сайты

Ал күмәнді шот иелеріне салық органдарының хабарламалары 15-ші сәуірден бастап жіберіледі. Оған дейін екінші деңгейлі банктер мәліметтерді жинақтайды. Бұл жайында мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Дегенмен, алыс-жақын ағайын арасындағы алыс-беріс, қарызды қайтару және тұрмыстық есеп айырысулар есепке алынбайды.

Ерлан Дәулетбаев, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы: - Мәліметтерді алғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге талдау жүргізіледі. Талдау жүргізу барысында кәсіпкерлік мақсаттағы анықталған салық төлеушілерге хабарлама жіберіледі. Хабарлама жіберілгеннен кейін салық төлеушілерде 30 жұмыс күні болады. Ол хабарламаны орындауға немесе түсініктеме беруге. Орындау қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы орындалады. Хабарламамен келіспеген жағдайда түсініктеме берумен орындалады.

Ал жеке тұлғалардың кірісін көрсетпей кәсіп істегені анықталса, 15-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін, сондай-ақ төленбеген салық сомасының 200 пайызына дейін айыппұл салынады. Алайда, бұл тек тексеру мен түсіндіру кезеңінен кейін ғана жүргізіледі.

Раушан Тасшойынова, қаржыгер: - Егер кәсіпкер әкімшілік кодекс бойынша және әкімшілік кодекстің 275 бабына келетін болсақ, сіз төлемеген салықтың 200 пайыздық мөлшерін айыппұл төлеуіңіз міндетті. Оданда сол салықты дұрыстап төлеп, мемлекетке дұрыс деректер тапсырғаныңыз жақсы болады.

0 пікір
Мұрағат