Министр жұмыс уақытында мешiтке баруға тыйым салу мәселесiне қатысты пікір білдірді
Министр жұмыс уақытында мешiтке баруға тыйым салу мәселесiне қатысты пікір білдірді
8 жыл бұрын 5067 Baq.kz Қымбат Елтайқызы

Мемлекеттiк қызметкерлерге жұмыс уақытында мешiтке баруға тыйым салу мәселесi туралы айту әлi ерте. ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты.

Журналистер баспасөз мәслихаты барысында Дiн iстері министрiнен мемлекеттiк қызметкерлерге жұмыс уақытында мешiтке баруға тыйым салу мәселесi бойынша сұрады.

«Бұл сұрақ өте маңызды. Өйткенi, бiз елiмiздiң Конституциясы мен заңдары бойынша әрбiр азаматтың құқықтарын құрметтеп, заң және бостандықтарын сақтаймыз. Ар-ождан бостандығы бiзде бар. Бұл мәселенi бiз жан-жақты қарап, салиқалы шешiмге келемiз деп ойлаймын. Қазiр нақты бiрдеңе айту ерте. Заңдағы өзгерiстер талқыланған кезде бұл мәселенi қарап, тиiстi шешiмге келермiз деген ойдамын», - дедi Ермекбаев.

Атап өтсек, бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев экстремизммен күрес мәселелерiне арналған тұжырымдама ұсынған болатын. Тұжырымдамада орта мерзiмге арналған дiн саласындағы мемлекеттiк саясаттың тұтас тұжырымдамалық пайымы көрсетiлген.

Бүгiнгi отырыста ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев тұжырымдаманың қоғамға қажет екендiгiн және өңiрлерде дiн туралы дұрыс ақпарат беру жұмысын күшейту керектiгiн атап өттi.

0 пікір
Мұрағат