Мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі
Мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі
7 жыл бұрын 3599 7kun.kz kapital.kz

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілмек, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қағидаларға енгізілетін тұжырымдамалық өзгерістер ішінде:

* Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы арқылы рәсімделетін Консорциумдық келісімнің типтік формасын бекіту;

* Құрылыс саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесін есептеуді нақты реттеу;

* Тапсырыс берушілердің техникалық сипаттамада сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ұлттық стандарттарын көрсету міндетін енгізу (болған жағдайда). Егер олар болмаған жағдайда мемлекет аралық стандарттар көрсетуі;

* Тауарларды жеткізу және жұмыстарды орындау кезінде жеткізушілердің тауардың шығу тегі жайлы сертификат көрсету міндетін енгізу бар.

«Егер тауар қазақстанда жасалған болса, онда жеткізуші СТ-КZ сертификатын көрсетуге міндетті. Егер тауар импорттық өнім болса, онда шығарған елдің құзырлы органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификат болуы керек», – деді Қаржы Министрлігі.

Ұсынылып отырған түзетулер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулардағы жемқорлық қаупін азайту және үрдісті қарапайым ету мақсатында енгізіліп отыр.

0 пікір
Мұрағат