|
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Қожамжаров тағайындалды
|
Қайрат Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген Президент жарлығында.
Бұл ведомство Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастырудан кейін пайда болды.