Мектеп оқушысы нашар көретін адамдар үшін көмекші робот құрастырды (ФОТО)
|
Виктор Хегай бірінші сыныптан бастап, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» робот техникасын жасаумен айналысатын физика-математикалық бағыт бойынша білім алады, деп жазады «Экспресс К» газеті.
«Бірде бізге көздері нашар көретіндерге арналған интернаттан балалар келді, - деді Виктор, - Бір бала жаңылып, кабинетті таба алмай жүргенін байқадым. Мен оған көмекке жүгіндім. Ол көзінің нашар көретінін айтты. Осы сәтте оған көмектескім келді. Содан робот техника сыныбына өз идеяммен бардым, басында жетелеуші ит түрінде көмекші робот жасаған дұрыс па деп ойладым. Кейін Интернетте жазылған адамдардың пікірінен кейін ондай өнертабыстың кемшіліктері болатынын ұқтым. Ит төмпешіктен өте алады, ал адамдар сүрініп кетуі мүмкін. Таяқ та сенімсіз. Ол аяқтың астында бірдеңе барын білуге көмектеседі, бірақ баспен құлап кету қаупі бар. Сондықтан бір блоктан, екі сенсордан тұратын шағын, мобильді аппарат жасауды шештім. Блокты белге байлап қоюға болады. Бір сенсорды аяққа немесе таяққа, басқасын - бас киімге, көзілдірікке, қолғапқа бекітуге болады. Ол кедергіге кездескенде ультра дыбыс шығарады, қысқа уақытқа кері қайтып, дыбыстық ескерту белгісін береді. Сенсор дыбыстары әр түрлі. Робот дайын болған кезде біз оны интернатқа балаларға байқап көруге бердік. Олар өте жоғары бағалады. Жақсарту жағынан өз ұсыныстарын білдірді, олар роботтың сәл кішірек болғанын қалайды».
«Бұл өндірістік емес, сынақ үлгісі. Бізде оны жақсарту жағынан идеялар көп болды. Мұндай робот еш жерде жоқ, бастысы - баланың көмек көрсеткісі келгені. Егер балаларымыз осылай ойлана алса, өз мақсатымызға жеткеніміз. Тың жаңалықтарды ашудың жолы да осы», - деді ұстазы Зоя Журбенко.