Жылқы шаруашылығына қандай қолдау көрсетіледі?
Жылқы шаруашылығына қандай қолдау көрсетіледі?
5 жыл бұрын 2439 Анар Қоныс

Аталған қолдаудың арқасында елдегі жылқы саны Кеңестік кезеңге қарағанда 1,7 есеге көбейеді. Бұл жайында aikyn.kz ақпарат көзі мәлім етті.

1991 жылы Қазақстандағы барлық санаттағы шаруашылықтарда жылқы саны шамамен 1,7 млн бас болды. Одан кейінгі нарықтық экономикаға көшу кезінде мал саны күрт азайып, 2000 жылға қарай республикадағы жылқы саны миллионға да жетпей қалған.

2002 жылдары мемлекеттік қолдау мен субсидиялаудың арқасында мал санында өсім байқалды. Асыл тұқымды жылқыларды сатып алуға, қымыз бен жылқы етін өндіруге субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау – 2011 жылы іске қосылды.

  • сатып алынған асылтұқымды айғырлар үшін субсидиялау нормасы әр басқа 100 мың теңгеден;
  • бие сүтін өндірушілер үшін әр литріне 60 теңгеден;
  • асылтұқымды жылқының аналық басын бағуға, жем-шөбіне жылына 20 мың теңгеден;
  • жылқы шаруашылығын дамытуға арналған техникалар мен жем-шөп дайындайтын жабдықтарды сатып алғанда мемлекет 25 пайыздық өтеу үлесімен инвестициялық субсидия береді;
  • несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді 10% субсидиялау.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, Қазақстанда бүгінгі таңда жылқы саны 2,9 млн басқа дейін өскен.

Сондай қолдаудың арқасында  елдегі жылқы саны кеңестік кезеңге қарағанда 1,7 есе көбейді

0 пікір
Мұрағат