|
Жыл басынан бері қолдан жасалған жасанды ақшаның мөлшері қанша?
|
2017 жылдың басынан бері Қазақстанда құны 2,92 млн теңге болатын 1,14 мың дана жасанды ақша анықталды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың 1,12 мыңы банкнота және 26 монета.
Дегенмен, банктің мәліметінше бұл көрсеткіш 2016 жылдың атаған мерзімінен қарағанда біршама төмен.
Ең көп кездесетін жасанды ақша 2 мың теңге номиналды банкнота. Саны — 766 дана немесе жалпы көрсеткіштің 68,2 пайызы. Одан кейін 1000 теңгелік номbналдар — 183 дана (16,3%), 10 мың теңгеліктер — 91 дана (8,1%) және 5000 теңгелік купюра — 45 дана (4,1%).
Ең аз кездесетін банкноталар, ол 500 теңгеліктер — 29 дана (2,5%) және 6 дана 200 теңге (0,5%). Ал 20 мың теңгелік жасанды купюраның 3 данасы (0,3%) анықталды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)